Футбол • 21 Тамыз, 2024

«Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасының бас бапкері Александр Седнев қызметінен кетті. Бұл ақпаратты команданың баспасөз қызметі жария етті, деп жазады Egemen.kz

«Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті

Фото: betnews.by

Александр Седнев «Ордабасының» тізгінін кейінгі 3 жарым жыл ішінде ұстады. Осы уақыт аралығында ол команда жігіттерін 129 матчта алаңға бастап шықты. Оның 63 ойынында жеңіске жетіп,  28 тең ойын тіркелді. 38 рет жеңіліс тапты. 

«Ордабасы» Александр Седнев баптаған тұста 2022 жылы Қазақстан кубогін жеңсе, 2023 жылы ел чемпионы атанды. 

20 тамыз күні Александр Седнев қорытынды баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді.