Спорт • Бүгін, 16:33

Алматыда әскери қызметшілер арасында ТМД чемпионаты өтті

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық спорт клубында самбо мен қазақ күресінен әскери қызметшілер арасында ТМД чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда әскери қызметшілер арасында ТМД чемпионаты өтті

Фото: Қорғаныс министрлігі

Боз кілемдегі жекпе-жекте Қазақстан, Ресей, Тәжікстан спортшылары бақ сынады. 

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орында Қазақстан армиясының әскери қызметшілері, екінші орында Ресей командасы, үшінші орында Тәжікстаннан келген спортшылар тұр. Сонымен қатар Қазақстан спортшылары жеті алтын медаль жеңіп алды. Ресей армиясы командасының қоржынында – төрт алтын, Тәжікстаннан келген әскери қызметшілерде – біреуі бар. 

– Әскери қызметшілер арасында ұлттық спорт түрі – қазақ күресінен жарыс өткізу біз үшін өте маңызды. Жалпы чемпионат жоғары деңгейде өтті. Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті атынан ұйымдастырушылардың үйлесімді жұмысын және спортшылардың жақсы дайындығын атап өткім келеді, – деп түйіндеді Qazaq kuresi қауымдастығының директоры Дамир Бекбосынов.

Қазақ күресін дәріптеу жұмыстары әрі қарай жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Келесі жылы Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) аясында Астанада күрестің осы ұлттық түрінен әлем чемпионаты өтеді.