Әлем • 25 Тамыз, 2024

Telegram-ның иесі Павел Дуров Францияда ұсталды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейден шыққан миллиардер, Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталды. Бұл жайында француз баспасөзі хабар таратты, деп жазады Egemen.kz.

Telegram-ның иесі Павел Дуров Францияда ұсталды

БАҚ мәліметінше, оның жанында құрбысы және оққағары болған.

Павел Дуров Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Францияға кәсіпкер жеке бизнес-джетімен Әзербайжаннан ұшып келген.

Бұған дейін ол Францияда іздеу жарияланған адамдар тізімінде болған.

- Құқық қорғау органдары Telegram-да модерацияның жоқтығы және жергілікті қызметтермен ынтымақтасуға құлықсыздық Дуровты есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтық схемаларға сыбайлас етеді деп санайды, - деп хабарлайды жергілікті TF1 телеарнасы.

Vc.ru мәліметінше, осы жаңалықтан кейін миллиардерге тиесілі Toncoin криптовалютасының құны 10% төмендеп кеткен.

Кейбір БАҚ тағылған айыптар бойынша ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Павел Дуров — бірнеше жылдан бері Франция азаматы. Дегенмен соңғы жылдары негізінен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50