Елорда • 25 Тамыз, 2024

Астанада пәтер жөндеуші клиентті алдап кеткен

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада пәтер жөндеуші тұтынушыны алдап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада пәтер жөндеуші клиентті алдап кеткен

Жәбірленушінің айтуынша, пәтер жөндеу үшін жалданған ер адам алдын ала төлемін алған соң жұмысына кірісіп, жөндеуді аяқтамай кеткен. Орнына, ол пәтерден өзімен бірге 200 метр кабельді алып кетіп, базарға сатқан. Түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Пәтер жөндеуші байланысқа шықпай, із-түзсіз жоғалғаннан кейін пәтер иелері полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтады. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының Полиция департаменті азматтарды мұқият болуларын еске салады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, міндетті түрде жұмысшылардың беделін тексеріп, жұмыс шарттары және тараптардың міндетті, нақты көрсетілген келісімшартқа отырыңыздар.