Фото:polisia.kz
2024 жылғы 25 тамызда сағат 03:30 шамасында, Семей – Өскемен тас жолында Toyota Land Cruiser және Nissan Elgrand автокөліктері соқтығысқан. Cалдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Қалған үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.