Аймақтар • 29 Тамыз, 2024

Теміртауда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 8 қазанда түнгі сағат 03:00 шамасында бір топ адам мас күйінде Теміртау қаласындағы «Меруерт» мейрамханасында тұрған қызметтік көлікте болған полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды ​​облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Теміртауда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Фото: Pexels

Тәртіп бұзушылар көліктің есігін ашып, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, төбелесу үшін көліктен шығуды талап еткен.

ЖӘАТ (СОБР) қызметкерлері қақтығыстың алдын алуға тырысқан, алайда қылмыскерлер оларға шыны бөтелке мен пышақ қолдану жолымен дене жарақаттарын келтіріп, қызметкерлердің  табельдік қаруын иемденуге оқталған, алайда ол ниеттеріне  жете алмаған.

«Жасалған қылмыстың ауырлығына қарамастан, бірінші сатыдағы соттың үкімімен тек 2 кінәлі тұлға бас бостандығынан айырылып,  қалған 3 адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Қарағанды облысы прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот 3 сотталғанға қатысты үкімді қайта қарады және «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдай отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.