Фото:Championat.com
«Жарақаттарыма байланысты бас тартуға мәжбүр болдым. Осы маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирін осылай аяқтағым келмеген еді. Алайда денсаулығыма қарауым керек болды. Жыл соңындағы жарыстарды сәтті өткіземін деп ойлаймын. Мені қолдаған және қолдап жатқан барлық жанкүйерлеріме алғыс білдіремін. Ал қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін», деді Елена Рыбакина.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон турнирінен кейін бронхитпен ауырып, дәрігерлер оған кортқа шығуға тыйым салғанын айтып, биыл Парижде өткен Олимпиада ойындарынан бас тартқан еді.