- Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, - дейді жергілікті әкімдік.
Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады, – деп толықтырды ведомство.
Астана тұрғындары және қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.