Спорт • 01 Қыркүйек, 2024

Әлі жеңіліп көрмеген Қазақстан кәсіпқой боксшысы тағы бір қарсыласын қапы қалдырды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) соңғы екі жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Әлі жеңіліп көрмеген Қазақстан кәсіпқой боксшысы тағы бір қарсыласын қапы қалдырды

Ол Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Антонио Тодд кәсіпқой рингтегі он бірінші рет жеңіліске ұшырады.