Қоғам • 02 Қыркүйек, 2024

Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң олигархтарды биліктен айырады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеу қажеттігін айтқан еді. Осы орайда Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров аталған заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Саиров: Банктер туралы жаңа заң олигархтарды биліктен айырады

Фото: elorda.info

«Соңғы 30 жылда банктер халықтың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, өте үлкен пайда тапты. Бұл жекелеген азаматтардың тағдырына әсер етті. Сондықтан бізге ең алдымен банк секторындағы бәсекелестікті қалпына келтіретін банктер туралы жаңа заң керек. Екіншіден, бұл әлеуметтік әділеттілікке әкеледі, яғни олигархтар банк секторындағы биліктен айырылады», деді Ерлан Саиров.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясының ашылуында халыққа Жолдауын жариялап, банк секторымен алдағы жұмыстың нақты бағыттарын атаған еді. Президент банктердің төлейтін салықтары олардың акционерлерінің алатын дивидендтеріне сәйкес болуы керек екенін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35