Оқиға • 03 Қыркүйек, 2024

Алматы полицейлері жоғалып кеткен туристі тапты

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйек күні Қазақстанға анасымен бірге келіп, кейін жоғалып кеткен қытайлық жасөспірімді Алматы қаласының Көлік полицейлері іздеп тапты, деп жазады Egemen.kz.

Алматы полицейлері жоғалып кеткен туристі тапты

Елімізге туристік сапармен келген азаматтың жоғалып кетуіне анасымен сөзге келіп қалуы себеп болған. Мия Ю Тинь есімді жасөспірім Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылында анасымен жанжалдасып қалғаннан кейін құжаттарын алып, бөлек кетіп қалған. Оның жоғалғаны туралы хабарламаны қалалық Көлік полицейлері қабылдап, дереу іздеуге кіріскен. 

13 жастағы турист сағат 20:00 шамасында Алматы әуежайын патрульдеу кезінде табылды. 

Көлік полицейлері қызды анасына табыстады.