Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданында уақытша шектеу енгізілді

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деп танылған 4 адам тіркелді. Осыған байланысты ауылда уақытша ветеринарлық-санитарлық шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданында уақытша шектеу енгізілді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Ауыл әкімдігі сібір жарасы бір адамнан екінші адамға жұқпайтындықтан карантин жарияланбағанын ескертті. 

«Осыған байланысты Ұйғыр ауданында ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді. Карантин жарияланған жоқ», делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, инфекция таралуының алдын алу үшін мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға да шектеу қойылған.