ЖОЛДАУ • 05 Қыркүйек, 2024

Салалық инновацияға серпін береді

98 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет.

Салалық инновацияға серпін береді

Сурет: yuz.uz

Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-технологиялық хакатондар тиімді тетік болып тұр. Бұл тетік өндіріс, ғы­лым өкілдерін және шешім қабыл­дайтын басқару құрамын бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. «Қазақмыс кор­порациясы» жауапкершілігі шек­­теулі серіктестігімен бір­лесіп ұйымдастырылған ғылы­ми-инновациялық хакатонда бірқатар ғылыми-техно­логия­лық тақырыптар айқын­дал­ды. Ғылымның күш-жiгерi кәсiп­орындардың нақты қолдан­ба­лы қажеттіліктерін шешуге ба­ғыт­­та­ла­ды. Хакатон қоры­­тын­­дылары бойынша ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыт­та­рын қалыптастырудың жаңа тетіктері мен тәсілдері, нақты эко­номиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақ­сарту, сондай-ақ жаңа өнім өнді­ру үшін, оның ішінде ұлттық экономика тұтынушыларының қажеттіліктерін жабу үшін коммерцияландыру жобаларын ілге­­рі­лету және экспорттық шешімдер әзірленіп жатыр. Қазіргі уа­қыт­та «ERG», «KazMinerals», «KazAtomProm» сияқты ірі ком­пания­­­­лармен және басқа да өнер­кәсіптік кәсіпорындармен ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру бойын­ша белсенді жұмыс жүргізіліп жа­тыр.

Сондай-ақ, Президент 102 Заң қабыл­данғанын, оның ішінде ғылым мен бизнестің интеграциясын тереңдетуге бағытталған ком­мер­цияландыру саласындағы Ғылым қорының функцияларын кеңейткен «Ғылым және техно­логиялық саясат туралы» Заңның қабылданғанын айтты.

Жаңа функциялар қолданбалы ғылыми жобаларды ілгерілету және қолдау құралдарын әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, акселерация және инкуба­ция қолданбалы ғылы­ми жоба­ларды жоспарлау және іске асыру жөніндегі тәсілдерді бизнес-бағдарланған ортаға неғұрлым орнықты ете отырып және кәсіпкерлермен интеграциялану мүмкіндіктерін арттыра отырып, өзгерту мүмкіндігін ұсынады. Өз кезегінде венчурлік қар­жыландыруды дамыту тәсіл­дерін іске асыру жобаларды қаржыландыру тізбегін кеңейтуге мүмкіндік беретін қолдаудың жаңа құралын, оның ішінде deeptech жобаларына инвестициялар тартудың бастапқы раунд­­тарында да, сондай-ақ жаңа нарықтарға масштабтау және экспансия кезеңінде де енгізуге жағдай жасай­ды. Қабылданған шаралар ел экономикасына ғылым­­ның үлесін арттыруға серпін бере­тіні сөзсіз.

2022 жылдан бастап біз қолдан­балы ғылыми жобаларды қаржы­ландырудың тұрақты өсуін байқап отырмыз, бұл осы саладағы тұ­рақты дамуға негіз болады. Ға­лым­­­­дар жоғары белсенділікті және жеке инвесторлармен сапалы өзара қарым-қатынасты көрсетіп жатыр, себебі экономиканың басым секторларының өтінімдері бо­­­­йынша жеке қаржыландыруды мін­детті түрде тарту – Қордың грант­тық қаржыландыру талабы. Түпкілікті нәтиже ғылымды қа­жет­сінетін экономика үшін көп­теген өндірістер құру, жаңа жұ­мыс орындары, алыс жақын шет елдерге экспортты жүзеге асырудан көрінеді.

 

Камиль АҚАТОВ,

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы