Президент • 05 Қыркүйек, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК халықаралық даму қорының президентін қабылдады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ОПЕК халықаралық даму қорының президентін қабылдады

Фото:Ақорда

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абдулхамид әл-Халифа өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасын қарастырды.

Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Өз кезегінде Абдулхамид әл-Халифа газ химиясы, көлік, су ресурстарын басқару және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларды қаржыландыру жоспарымен бөлісті.