Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2024

Шолпан-Атада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлері кездесті

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті, деп хабарлайды   Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шолпан-Атада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлері кездесті

Фотолар: Polisia.kz

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды.

Polizia.kz
Жиын алдында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров делегация басшыларымен кездесіп, қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті.

Polizia.kz

Отырыста ұйымға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің бірлескен жұмысының негізгі мәселелері талқыланды. Қылмыскерлерді іздеу, экстремизмге, есірткі қылмысына, заңсыз көші-қон мен киберқылмысқа қарсы күрес сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Жиын соңында бірлескен Декларацияға қол қойылды.

Polizia.kz

Кездесуде сындарлы диалог құрылып, маңызды шешімдер қабылданды. Сондай-ақ іс-шара аясында Қазақстан Ішкі істер министрінің Әзербайжан және Түркия Республикасы ІІМ басшыларымен екіжақты кездесулері өтті, онда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың перспективалары айқындалды.