Спорт • Кеше

Ерғали Шәмей Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж додасында Қазақстанның пара спортшысы күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерғали Шәмей Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

Пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жеңіліп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдесін місе тұтты. 

«Париждегі дүбірлі додада отандасымыз Ерғали Шәмей татамиде табандылық танытып, Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Білекті балуанымыздың таланты мен жеңіске деген жігеріне бүкіл әлем куә болды. Оның осы жолда көрсеткен қажырлы еңбегі кез келген жанға үлгі бола алады. Ерғалиға алдағы жарыстарда жеңіс тілеймін!», деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.