Таным • 10 Қыркүйек, 2024

Ғалам ғажаптары: Таланттан талапты озар

100 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

1965 жылы мажар ұлтының өкілі Ласло Полгар ерекше тәжірибе жасайды. «Адам дарынды болып тумайды, тәрбие мен жаттығулар көмегімен қалыптасады» деген ұстанымды берік ұстанған ол, тіпті өзінің отбасын сынақ алаңына айналдырған.

Ғалам ғажаптары: Таланттан талапты озар

Л.Полгар тәжірибе нысанасы ретінде шахматты таңдайды. Әуелі үйін шахмат туралы кітаптар мен әйгілі шахматшылардың суреттеріне толтырады.

Нәтижесінде, тұңғышы Сьюзен төрт жас­тан бастап шахмат ойнайды. Жарты жыл өткен соң ол ересектерді жеңе бастайды. Ортаншы қызы Софияның жетістігі одан асып түседі. Он төрт жасында әлем чемпио­ны атанып, бірнеше жылдан кейін гроссмейстер атағын алады. Ал кенже қыз Юдит әпкелерінен озды. Ол бес жасында әкесін жеңіп кететін дәрежеге жетеді. 12 жасында әлемнің ең үздік жүз шахматшысының құрамына кірген ең жас ойыншы атанады. Он бес жасқа толғанда Юдит шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер деген атқа ие болады. Сөйтіп, Юдит әйгілі америкалық шахматшы Бобби Фишер рекордын жаңартты.

 

«Көп айтса көнді»

па

1950 жылы психолог Соломан Аш қа­тарынан бірнеше тәжірибе жұ­мысын жүргізеді. Сол сынақ­тар­дың қорытындысы – «Жұрттан бөлінгенше, келісе салған жақсы» деген теорияға саяды.

Түсіндіре кетейік, психолог залға 20 адам жинаса, соның 19-ы өзі арнайы дайын­дап қойған актерлер болатын. Енді қызығы сол, Соломан Аш тәжірибеге қатысушыларға суреттегідей екі карточка ұсынады. Бірінші карточкадағы жолақтың ұзындығы С жолағымен бірдей екені көрініп тұр. Алайда залда отырған актерлер екеуінің ұзындығы екі түрлі деп шулап қоя берген кезде, сынаққа қатысушы олардың алдап отырғанын түсінбей, әбден абдырап қалады. «Дұрыс емес» жауа­п таңдағанына іштей күледі. Тәжірибе соңында сынаққа қатысушылардың 75 пайы­зы топтағылардың қате жауабын қолдаған.

 

Назардың нәтижесі

е

1898 жылы Норман Триплетт жарысқа қатысатын велосипедшілерді зерттеген. Психолог осы бір тәжірибесі арқылы спортшылардың нәтижесіне трибунада отырған жанкүйерлер әрекетінің әсерін анықтаған.

Зерттеу қорытындысы бойынша, спорт­шылардың нәтижесіне жан­күйерлердің назары үлкен әсер ететін көрінеді. Осыған ұқсас сынақтарды Робейрт Зайонц те жүр­гізген. Оның айтуынша, басқалар қарап отырса, жұмыс істеп жатқан адамның әрекеті күрт өзгеріп кетеді. Алайда мұндай әсер болуына бақылаушы жұмыс істеп жатқан адамның ісінен хабардар болуы керек. Алайда адам ақыл-ой еңбегімен айналысып отырғанда, мысалы, сабақ оқып немесе күрделі есепті шешіп отырса, жалғыз өзі қалған пайдалы. Ал физикалық белсенділік кезінде қасында тәжірибелі біреудің болуы оның жұмысына жағымды әсер етеді.