Фото: Туризм және спорт министрлігі
Ұлттық интеллектуалды ойында сарапқа салынған жүлделердің үш «алтынын» жерлестеріміз жеңіп алды.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені қоржынға салды.
«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдені місе тұтты.
Жалпы есепте ел құрамасы бірінші тұғырдан көрінді. Екінші орынға - Қырғызстан, ал үшінші орынға Ресей және Моңғолия спортшылары жайғасты.