Спорт • 11 Қыркүйек, 2024

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақ сайысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары: Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Бұл жарыста Колумбия, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және Араб елдері сынды 41 мемлекеттен келген 114 қатысушы шеберліктерін сынға салды.

Тоғызқұмалақ сайысына Қазақстаннан 4 спортшы қатысты. Интеллектуалды жарыс нәтижесі бойынша ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль түсті.

Бексұлтан Бостандықов ерлер арасында чемпион атанса, Ерсұлтан Әуелбай үшінші орынды иеленді. Ал әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы озық шығып, Аңсаған Қазанғап күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орын алды. Екінші орынды – Қырғызстан, үшінші орынды Ресей және Моңғолия иеленді.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары екі жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы ойындардың ұраны - "Ұлы даладағы кездесу". Әлемнің 89 мемлекетінен келген екі мыңнан аса спортшы 21 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.