Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024

Дауыс беру учаскесінің дайындығы пысықталды

71 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алдағы республикалық референдумға дайындық барысын бақылау мақсатында Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров екі күндік сапармен Атырау облысына барды. Облыстағы ахуалмен танысуға өңірдің көктемгі су тасқынынан қатты зардап шеккені түрткі болды. Өйткені көптеген инфрақұрылым нысаны, соның ішінде дауыс беру учаскелері зақымдалған еді.

Дауыс беру учаскесінің дайындығы пысықталды

Су тасқынынан Құлсары қаласы ең қатты зардап шекті. 17 дауыс беру учаскесінің үшеуі (№100, 237, 238) су басқан  аумақта орналасқан еді. Мұның екеуі толығымен қалпына кел­ті­рілді, үшіншісінде жөндеу жұ­мысы жалғасып жатыр. Сондықтан аумақтық ко­ми­с­сия учаскені басқа қолай­лы ғи­маратқа көшіру тура­лы шешім қабылдады. Бұл учас­келердің барлығы тексеріл­ді. Дауыс беру күніне орай қала­дағы барлық 17 учаске дайын болады.

Сапар аясында Атырау және Құлсары қалаларында аумақ­тық референдум комиссиялары мүшелерінің, жергі­лікті атқарушы және өкілді органдар өкілдерінің, полиция, халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшыларының, прокуратура органдарының, БАҚ өкілдерінің қатысуы­мен семинар-кеңестер өткізілді. Сол жиындар барысында референдумға дайындық туралы ақпарат тыңдалды.

Бұл ретте ОРК басшысы барлық деңгейдегі комиссия­лардың қызметі қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға, сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге негізделуге тиіс екенін ерекше атап өтті. Бұған қоса ол «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Ұлттық және халықаралық байқаушылардың, шетелдік БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, бұқаралық ақпарат құралдарының референдумды әзірлеу мен өткізу барысын жария­лау тәртібі, сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал салу жүргізудің негізгі аспектілері сияқты түзетулерге егжей-тегжей тоқталды.

Семинарға қатысушылар­дың ерекше назары азамат­тар­­ды ақпараттандыру мәселе­лері­не арналды. Жергі­­лікті атқарушы органдардың өкіл­дері осы бағытта ат­­­қарыл­ған жұмыс туралы жан-жақты баян­дады. Облыста «109» бірың­ғай Call-орталығы іске қосылды, онда азаматтар республикалық референдум туралы барлық қажетті ақпарат пен кеңесті ала алады. Мысалы, осы Call-орталыққа хабарласып, ре­ферендумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзіңіз­ді тексеруге, сондай-ақ өз учас­кеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады. «2GIS» қосымшасында өңірдегі референдумның барлық 274 учаскесінің нақты орналасқан мекенжайлары қосылды. Адам ең көп жиналатын жерлерінде 130 ақпараттық баннер және 13 LED-экран орналасқан. Әлеуметтік желілерде де тиісті ақпараттық жұмыс жүргізіледі, телеграмм-бот іске қосылды, оның көмегімен тұрғындар сайлаушылар тізімінде өздерін тексере алады.

ОРК басшысы комиссия­­­­лар­ды үй аралау, сайлау­шы­лар­ға жеке шақыру қағаз­дарын тапсыру қажеттілігіне бағыт­тай отырып, алдағы рес­пуб­лика­лық референдум туралы азаматтарды жүйелі және уақ­тылы хабардар етудің маңы­зын атап өтті. Ол мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құ­қық­тарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Жергілікті жерлерде оқы­­ту сапасын бақылау мақ­­­­са­тында аумақтық ко­мис­­­сия мүшелерінің ре­ферендум туралы заңнама­ны қаншалықты білетіні тесті­леу арқылы тексерілді. Со­ның нәтижелеріне сәйкес Н.Әбдіров сайлау үдерісін ұйым­дастырушыларды оқыту жөнін­дегі жұмысты күшейтуді тапсырып, комиссиялардың барлық мүшесін қамтуға тиіс екенін айтты. Бұл ретте науқанды ақпараттық сүйе­мелдеу, қоғамдық бірлес­тік өкілдерін аккредиттеу, ре­фе­рендумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін нақтылау, дауыстарды санау және референдум қорытындыларын шығару сияқты мәселелерге ерекше назар аудару қажет. Содан кейін ОРК басшысы Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының жұмысымен танысты.

Н.Әбдіров Жылыой ауданы­ның жастарымен кездесу өткізіп, жастарға 2022 жыл­ғы конституциялық рефор­ма мазмұнындағы елдің жаңар­тылған сайлау жүйесінің ерек­шеліктері, республикалық референдум туралы заңнама­дағы жаңалықтар, сайлау сала­сын­дағы өзекті трендтер мен халық­аралық тәжірибе туралы айтып, басқа елдердегі сай­лаулар мен референдумдар­ды халықаралық байқауға қатысу­дан алған әсерімен бөлісті.

Жастар өз пікірін білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды. «Кең Жылыой» газеті­нің жас журналисі Ерназ Ахметкәрімов сайлаушы­лардың белсенділігіне әсер ететін негізгі фактор ретінде ауыл әкімдерін сайлау туралы халықтың хабардарлығын арттыру тақырыбын қозғады. Кездесу соңында жастар элек­торалдық саланың өзекті мәсе­лелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнамаға қатысты.

Сапарға ОРК мүшесі Шавхат Өтемісов пен ап­параттың жа­уапты қыз­мет­керлері қатыс­ты. Келесі кездесулер Батыс Қазақстан облысында өтеді.