Пікір • 12 Қыркүйек, 2024

Қаржы институттарының рөлін кү­шейту керек

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы экономикалық белсенділікті қолдаудың маңызын дұрыс атап өтті. Бұл мәселені шешудің тиімді құрал­дарының бірі – қаржы институттарының рөлін кү­шейту. Қаржы институттары әртүрлі аймақтағы эконо­ми­калық басым секторларды қолдауда белсенді позицияны ұста­нуға тиіс.

Қаржы институттарының рөлін кү­шейту керек

Қаржыландыру – финтех­тегі стартаптың өсуі мен инно­ва­цияның негізі. Инвести­ция­ларды табысты тартуға қар­жылық-технологиялық жоба­ларға назар аудара отырып, вен­чурлық қорларды құру ма­ңызды. Бұл құрал капиталды арнайы қаржылық технологиялар индустриясындағы инновациялық жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұған бастапқы кезеңдегі стартаптарға инвестиция салатын жеке сектормен мемлекеттік қор­лар құру кіреді.

Ірі банктер мен корпорация­ларды тарту жүйесін де бір ізге түсіру керек. Банктер мен ірі компаниялар финтехке стратегиялық инвестициялауға мүдделі болса, жеке технологиясын жетілдіреді, тұтынушылар базасын кеңейтеді. Сондықтан осы тұста стартаптар мен технологиялық ком­па­нияларға корпоративтік инвестицияны ынталандыру маңызды.

Қазір біршама жұмыс жүр­гізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Мысал ретінде финтехті дамыту саласындағы «QIC» нәтижелерін айта аламын. Ол венчурлық қаржыландыруды дамытуға ерекше көңіл бөледі: жалпы капиталдануы 2,3 млрд  долларды құрайтын 14 жеке капиталдың, 3 венчурлық қордың қатысушысы. 50-ден астам халықаралық инс­титуционалдық инвесторлармен, ұлттық әл-ауқат қорларымен және халық­аралық қаржы институттарымен серіктестікте жеке капитал қор­ларын инвестициялайды, бас­қарады.

Біз аймақтық стартаптар экожүйесін одан әрі дамытамыз. Сол себепті, экспортқа бағытталған ІТ-жобалардың өсуіне ықпал етуге «Astana Hub» және басқа да жеке ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырамыз. Отандық ком­панияларды инвестициялау арқылы «QIC» уақыт өте келе мемлекеттің қаржылық тұрақ­тылығын нығайтып, елеулі салық төлеушілерге айналған қуат­ты нарыққа шығуына көмек­теседі.

 

Ерболат Жолат,

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарма төрағасы 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50