фото: Polisia.kz
Электронды шылымды Өскемен қаласындағы екі сауда үйі кальян дүкендерінен жасырын сатқан. Бірінші дүкенді тінту кезінде 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптер мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық табылған. Жедел уәкілдер екінші дүкеннен 115 электронды темекі тәркілеген.
«Шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке дейін қамауға алынады», деп жазады Polisia.kz.
Полиция департаменті биыл 20 маусымнан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.