Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024

«Мәдениет – асыл қазынам»

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдің 85 жылдық торқалы тойы аясында аудандарда «Мәдениет – асыл қазынам» тақырыбында мәдениет күндері өткізіліп жатыр. Іс-шараға еліміздің әр қиырында еңбек етіп жатқан мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары да үлес қосуға ниетті.

«Мәдениет – асыл қазынам»

Тізгінді алғаш боп талай талантты түлеткен Тұрар Рысқұлов ауданы қолға алды. Құлан ауылында орналасқан орталық саябақ адам танымастай өзгерген. Кезінде қоқыс шашылып жататын аймақ жергілікті атқарушы биліктің ықпалымен уақыт талабына сай жаңғырыпты. Бір сөзбен айтқанда, тоз-тозы шыққан саябақ жанға жайлы саялы мекенге айналған.

ва

Мұнда ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, спорттық ойындардан өткен түрлі жарыстар көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ түрлі бағыттағы тақырыптық көрмелерді қызыға тамашалаушылардың да қарасы көп болды.

Туған жерге ат басын бұрған өнер жұлдыздары композитор Гүлнұр Өмірбаева, әншілер Досымжан Таңатаров пен «Жі­гер» тобының жігіттері, өзге ән­шілер қатысқан кон­церттік бағдарлама да сәтті ұйымдастырылды.

Есімі елге белгілі театр және кино актерлері Бақытжан Әл­пейісов, Жандарбек Садырбаев, Жалғас Толғанбай бастаған өнер саң­лақтарының естеліктері де жергілікті тұрғындарды қызық­тырғаны анық. Қысқасы, дәстүр мен салт дәріптелген іс-шара көпшіліктің көңілін сергітті.

нг

Бұл күні Ақыртөбе ауылында «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында бой көтерген 140 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. 100-ден аса тұрғын жиналған іс-шарада ауыл тарихы таныстырылып, ретро әндер шырқалды.

Кейіннен «Мәдениет – асыл қазынам» тақырыбындағы мә­дени іс-шара шежірелі Шу ауданында өткізілді. Оған ауданнан шыққан белгілі өнер саңлақтары қа­тысты.

 

Жамбыл облысы