Елорда • 14 Қыркүйек, 2024

Елордада Қорғалжын тас жолының учаскесі ішінара жабылады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылына жақындағанда Қорғалжын тас жолының оң жағындағы жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада Қорғалжын тас жолының учаскесі ішінара жабылады

Ашық дереккөз

Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қоса берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.