Оқиға • 16 Қыркүйек, 2024

Ақтөбеде заңсыз шаян аулаған екі азамат ұсталды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған екі азамат ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде заңсыз шаян аулаған екі азамат ұсталды

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп Ырғыз өзенінде рейдтік іс-шараларды жүргізген. Шара барысында шаяндарды заңсыз аулаған екі азамат ұсталған.

Хабарланғандай, күдіктілерден мыңнан астам шаян, резеңке қайық, төрт шаян аулауға арналған құрал тәркіленген.

Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Аталған факті бойынша келтірілген залал анықталып жатыр.