Әлем • 20 Қыркүйек, 2024

Никол Пашинян: АЭС бойынша стратегиялық шешім қабылданды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда өтіп жатқан Дүниежүзілік армян саммиті барысында мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Никол Пашинян: АЭС бойынша стратегиялық шешім қабылданды

Фото: Арменпресс

Ол Армения билігі АЭС бойынша стратегиялық шешім қабылдағанын – таңдау модульдік станцияларға түскенін, мұндай шешім станцияның экологиялық әсеріне байланысты екенін айтты.

«Әлемде әлі жұмыс істеп тұрған модульдік АЭС жоқ екенін ұмытпау керек. Алайда әр түрлі дайындық дәрежесінде бірнеше жоба бар, ең үлкен прогресті АҚШ бекіткен сияқты және аталған салада Франция да, ал соңғы уақытта Ресей де Оңтүстік Кореямен жұмыс жүргізіп жатыр», деді Никол Пашинян модульдік АЭС технологиясы туралы.

Kazinform сайтынан мәлім болғандай МАГАТЭ-нің соңғы деректері бойынша елде өндірілетін электр энергиясы көлеміндегі қолданыстағы Армян АЭС-інің үлесі шамамен 30% -ды құрайды.

2024 жылғы 1 тамызда Армения үкіметінің шешімімен құрылған жеке кәсіпорын халықаралық әріптестермен келіссөздер жүргізіп, жаңа АЭС құрылысын дайындау және қаржыландыру жөніндегі ұйымдастыру мәселелерін шешуі тиіс.