Бокс • 20 Қыркүйек, 2024

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы жасақталды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы жасақталды

Фото: Olympic.kz

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізіп жатыр. Бапкерлік кеңестің шешімімен сапқа бірқатар маман қосылған.

Команданың бапкерлер құрамы: 

  • Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы;
  • Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы

Жаттықтырушылар:

  • ⁠Ілияс Оралбеков;
  • Нұркен Андасов;
  • Азамат Мақажанов;
  • Талғатбек Жакпеков;
  • ⁠Нұржан Насанов.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетерлігі, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданатыны хабарланды.