Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024

Полицейлер Қазақстанда заңсыз жүрген 7 шетелдікті ұстады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Полицейлер Қазақстанда заңсыз жүрген 7 шетелдікті ұстады

Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері көршілес мемлекеттің 7 азаматын анықтаған.

Жылыжайда жұмыс істеген оларға заңсыз жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан аумағына кіру бойынша ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған шетелдіктерді енді елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр.