Елорда • 21 Қыркүйек, 2024

Астанада LRT бағаналары толықтай салынып бітті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті, деп жазады Egemen.kz.

Астанада LRT бағаналары толықтай салынып бітті

Астана әкімдігі

Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна.

Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы М600 маркалы бетон қолданылады.

Айта кетерлігі, В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.