28 Сәуір, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықтың сақталуы туралы МӘЛІМДЕМЕ  

353 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бас прокуратура 2Қазақстан Республикасының Бас про­куратурасы Конституцияға сәйкес болып өткен Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті барлық шараларды қабылдады. Сайлау науқанында сайлау проце­сінің барлық қатысушыларымен заң­на­ма талаптарын және азаматтардың конс­титуциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау мәселелері прокуратура органдары үшін жұмыстың басты басымдылығы болды. Бас прокуратура бұқаралық ақпа­рат құралдары арқылы сайлау про­цесі­не қатысушыларға сайлау туралы заңна­маның нормаларын түсіндірумен және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертумен екі рет (2015 жылғы 26 наурызда және 24 сәуірде) ресми үндеу жасады. Жүргізілген қадағалау іс-шараларына сәйкес сайлау комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Сайлау науқанында прокуратура органдарына сайлаумен байланыс­ты небәрі 4 өтініш түсті, олардың 3-еуі заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпарат немесе шағымдарды қамтымаған. Екі өтініште заңдардың нормаларын түсіндіру сұранысы маз­мұн­далған, үшін­шісінде прези­денттікке кандидаттарға заңнамада белгіленген кейбір талаптармен келіспейтіні айтылған. Бұл 3 өтініш құзыреті бойынша Ор­талық сайлау комиссиясына мәні бойынша қарау үшін жолданды. Сондай-ақ, сайлау күні Семей қала­сының прокуратурасына бір отбасы жұбы­ның арызы келіп түсті, онда олар тұр­ғы­лықты жері бойынша учаскенің сай­лау­шылар тізімінде болмауына шағым­данған. Дегенмен, олардың тиісті аумақта тұра­тындығы расталғаннан кейін оларға өздерінің сайлауға қатысуға консти­ту­циялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілді. Дауыс беру күні қандай да бір елеулі заң бұзушылықтарсыз, тыныш жағдайда өткенін атап өтеміз. Дауыс беру күні қарсаңындағы ке­зеңде тек қана сайлау алдындағы үгітті өткізу, сондай-ақ қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн жариялау шарттарының жекелеген бұзушылықтары тіркелген, олар бойынша алдын алу сипатындағы шаралар қолданылды. Мысалы, ағымдағы жылғы 30 наурызда Алматы қаласының прокуратурасы «Фэйсбуктегі» өздерінің парақшаларында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікір айтуға жол берген екі азаматқа заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жариялады. Сайлау заңнамасы бұзу фактілері бойынша әкімшілік және/немесе қылмыстық істер қозғалған жоқ. Бүкіл электоралдық кезеңде Қазақ­стан Республикасының соттарына сайлау процесіне қатысты 7 арыз түсті, олар­дың 1-еуі кері қайтарылды, 3-еуі бойын­ша қа­былдаудан бас тартылды, 1 арыз қай­та­рыл­ды, 1-еуі қараусыз қалдырылды және 1 шағым бойынша әкімшілік өндіріс тоқтатылды. Мәселен, ағымдағы жылғы 20 сәуір­де С.Ж. Итегулов Орал қала­сының маман­дан­дырылған әкім­шілік сотына оның сай­лаушылар тізі­мінде жоқ болуына ша­ғым­данды және кінәлі тұлғаларды әкім­шілік жауапкершілікке тартуды сұрады. Сот С.Ж. Итегуловтың сайлау­шылар тізіміне қосылғанын анық­тады, ал сотқа жүгінуге Call-Орта­лықтың операторынан алынған ақпа­ратты қате түсіну фактісі себеп болған. 21 сәуірде әкімшілік өндіріс құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды. Келтірілген деректер, сон­дай-ақ сайлау заңнамасының бұзушы­лықтары туралы қандай да бір шағымдардың болмауы өткен сайлау процесінің барынша айқындығын және заңдылығын көрсетеді. Салыстыру үшін алдыңғы прези­дент­тік сайлау барысында (2011 жылғы сәуір) прокуратура органдарында 87 өтініш қаралғанын, анықталған заң бұзушы­лық­тар бо­й­ынша 16 әкімшілік құқық бұзу­шы­лықтар туралы іс қозғалғанын, 2012 жылғы қаңтарда өткен парламенттік сайлау барысында прокуратураға 536 арыз түскенін, 76 прокурорлық қадағалау актілері енгізілгенін, 45 әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаймыз. Жалпы, электоралдық кезең­дегі қадағалау қызметінің нәти­жесі Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің кезектен тыс сайлауы Қа­зақстан Республикасы Консти­ту­циясының және «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы талап­тары­ның сақталуымен өткізілді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.