Референдум 2024 • 26 Қыркүйек, 2024

Түркістандықтар энергия тапшылығы алаңдататынын айтты

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі және Алишер Сатвалдиев Түркістан облысындағы Сайрам ауданында болып, «Манкент шипажайы», «АХБК» және «MANKENT CLINIC» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Түркістандықтар энергия тапшылығы алаңдататынын айтты

фото Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаторлар атом электр станциясының өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесті дамытудағы рөлі мен артықшылығына тоқталды. АЭС өндіретін қолжетімді және тиімді энергия кәсіпорындардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетінін атап өтті.

Жергілікті тұрғындар өз кезегінде оңтүстік өңірлердегі электр қуатының тапшылығы мен импорттық электр энергиясына тәуелділікке алаңдаушылық білдіріп, алдағы референдумда белсенділік танытатындарын да жеткізді.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, емдеудің жаңа әдістерін енгізу, шипажайдағы жабдықтарды жаңарту, санитарлық нормаларды сақтау және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін талқылады.