Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, мектеп бір ауысымда оқитын 1 200 орынға арналған. Аталған білім беру ұйымында 93 кабинет қарастырылған, оның ішінде 4 компьютерлік, 7 мамандандырылған, 2 спорт, асхана, кітапхана, хореография залдары бар.
Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының білім беру сапасын арттырудағы және қалалық, ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайтудағы маңыздылығын атап өтті.
«Педагог кадрлар білім беру сапасын арттыруда негізігі рөл атқарады. Өткен жылдан бастап елімізде жаңа форматтағы басшыларды іріктеу және даярлау бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда бағдаралама шеңберінде білім алған 130-дан астам үміткер жайлы мектептерге директор болып тағайындалды. Әсіресе, тәрбие жұмысына басымдық беріледі. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау керек, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата-аналармен бірлесіп алдын алу, ақпараттық жұмыстарды тиімді жалғастыру маңызды», деді министр.