Байқау • 02 Қазан, 2024

Білім бәйгесінің жүйріктері

61 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Aqyl Battle Cup» республикалық зияткерлік сайысының жеңімпаздары белгілі болды. Елордада өткен қорытын­ды кезеңде 20 өңірден жолдама алған 20 команда бақ сы­на­ды. Білімділер бәйгесіне 14-35 жас аралығындағылар қатысты.

Білім бәйгесінің жүйріктері

Бұған дейін қатысушы­лар онлайн формат­та «Aqyl Battle» мобиль­ді қосымшасы арқылы, куиз форматында іріктеу кезең­де­рінен өтті. Зияткерлік сайыс Мә­дениет және ақпарат ми­нистр­лігінің қолдауымен «Тіл тағ­дыры – ел тағдыры» жобасы ая­сында ұйымдастырылған. Мақ­сат – жастардың білімге де­ген құштарлығын арттырып, шығар­машылық пен зияткерлік дамуға жол ашу.

па

– Білім додасына биыл ал­ғаш рет Өзбекстанның ең таны­мал «Zakovat» зияткерлік ұйы­­мынан «Зиялы жастар» коман­­дасы да қатысып, қазақ тілін­­де білімін сынап жатыр. «Zako­vat» – 25 жылдық тарихы бар Орталық Азияда танымал зият­керлік ойынның бірі. Олар жүлдеге таласпайды, тек қонақ ретінде қатысып, тәжіри­бе алмасады. Болашақта осы зияткерлік ұйыммен серіктесіп жұмыс істегіміз келеді. Басты мақсатымыз – зияткерлік ойын арқылы түркі халықтарының жастарын біріктіру, қазақ тілін, білімді дәріптеу. Осылайша, бо­лашақта сайысты халықаралық деңгейде шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді жоба жетекшісі Бибінұр Шербаева.

Зияткерлік турнирдің жал­пы жүлде қоры – 3 600 000 теңге. 1-орынға – 1 200 000 тең­ге, 2-орынға – 900 000 теңге, 3-орын­ға – 600 000 теңге, 4-орынға ­300 000 теңге табыста­лады. Со­ны­­мен қатар бас­қа коман­да­лар­ға қар­жы­лай ын­таландыру сыйлықтары қарастырылған.

– Жоба – жастарға маңызды әрі ерекше жарыс. Өйткені білім­ге құштарлық – ұдайы ізденіс пен жаңашылдыққа жаны құмар адам­дардың бойында болатын асыл қасиет. Бұл кемелдікке жетелейді. Дана Абай он сегізінші қарасөзінде «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген екен. Комитет атынан ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға алғыс білдіремін, – деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов.

па

Бұған дейін 20-22 мамыр ара­лығында зияткерлік сайыс­тың 1-кезеңінде «Aqyl Battle» мобильді қосымшасы арқылы еліміздің барлық өңірінен 1 500-ден аса жас қатысып, 135 команда іріктелді. Зияткер­лік сайыстың 2-кезеңі 7-20 мау­сым аралығында төтенше жағдай болған өңірлерде онлайн «Google meet» платформасы негі­зінде, ал қалған облыстарда куиз форматында турнирлер өтіп, 135 командадан 20-сы таңдалған. Яғни мемлекеттік маңызы бар қалалар мен әр облыстан 1 командадан және «Креативті команда» байқауының жеңімпаздары финалға жолдама алды.

– Мен – тарих пәнінің мұға­лімімін, жасанды интеллект сарапшысымын. Іріктеу кезең­дерінен мүдірмей өтіп, ақ­тық кезеңге жеткеніме қуаныш­тымын. Өйткені бұл – менің рес­публикалық деңгейдегі алғаш­қы тәжірибем. Алдағы уақыт­та оқушыларымды да алып ке­луді жоспарлап отырмын. Топта үшеуміз. Команда аты – «Қы­зылжар». Сайысқа дайын­дық өте жоғары деңгейде бол­ды. Болашақта осындай тур­­нир­лерді өңіріміздің әр ауданын­да дамытуға өз үлесімді қос­қым келеді, – дейді Қ.Жолтайұлы.

Білім додасына бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алды. Бірінші орын – Қызылорда облысы­ның ойыншыларына, екінші орын ақ­мо­лалықтарға бұйырды. Ал қола кубокке тартыста Атырау облы­сының зияткерлері оза шапты.