Қаржы • 02 Қазан, 2024

Монетадағы «мысық»

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қазаннан бастап Ұлттық банк интернет-дүкенінде «SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN» атты жаңа монеталар айналысқа шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Монетадағы «мысық»

Фото: https://www.nationalbank.kz/kz

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бейнеленген. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның бейнесін де байқауға болады. Бұл монеталар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

Шағарушылардың айтуынша, монетадағы сурет шаңырақтың береке-бірлігін білдіреді.

«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу үшін және еліміздің барлық банктерінде аудару, майдалау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті», деп жазды Ұлттық банк.

Монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалады.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25