Байқаушылар ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін айтты. Мұнда ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы келіп, өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі күнде халық бірауыздан үн қату керек екенін айтты.
«Референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» айшықты белгісі. Халықты еститін мемлекеттің болашағы жарқын. Халық қай кезеңде де өзіне керегін ашық айта алуы тиіс. Осы саяси шешімнен көп үміт күтемін. Өзімнің барлық шаруамды ысырып тастап, дауыс беруге келдім. Жаһанға үлгі көрсетіп отырмыз», деді Серік Ақсұңқарұлы.
Қарағанды облысы