Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасы жүйелі жұмыс істеп келеді. Жалпы­халық­тық референдум – соның айқын дәлелі.

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Референдум өткізу – демо­кратияның ажырамас бөлігі. Елімізде де халқымызды тол­ған­­дырған өзекті тақырып­тар­ды қоғаммен бірлесе шешу дәс­түрі қалыптасып келе жат­қа­нын атап өткен жөн. 2022 жылы конституциялық өзге­ріс­терге байланысты референ­дум өтсе, енді міне, елдің әлеу­меттік, экономикалық, энер­гети­калық дамуына қатысты жал­пы­халықтық референдум өтіп отыр. Аталған үдерістер – елі­­міздің демократиялық құн­­ды­­лықтарды орнықтыруға, жаңа саяси дәстүр мен мәде­ниет­ті қалыптастыруға бағыт­тал­ған жүйелі дамуының бір айғағы.

Осы орайда елдік мәселе­ге бейжай қарамай, өзі­­нің конс­ти­ту­циялық құқын қол­­дана оты­рып, маңызды шешім қа­был­дауға халқымыз белсенді ат­са­лысқанын да атап өткен жөн. Бұл азаматтық қоғамның дамуы жолындағы оң үрдіс десек болады.

Қазіргі таң­­да ауыл әкім­дерін сайлау, 2025 жылдан бас­тап аудан мен облыстық маңызы бар қала әкім­дерін сай­лау сияқты ма­ңыз­ды реформалар үдерісі өтіп жатыр. Мұның барлығы да жер­гілікті мемлекеттік бас­қару тетіктерін заманға сай жетіл­діруге бағытталған өз­ге­ріс­тер, халқымыздың мем­ле­кеттік бас­қару тетік­теріне қа­ты­суын арт­ты­ратын реформалар.

Жоғарыда аталған үдеріс­тер­ді саралай келе, еліміз демо­кратиялық даму жолында ре­фор­малар пакетін жүйелі түр­­де іске асырып келеді деп айту­ға негіз бар.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы