Фото: Ашық дереккөз
Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылған.
Қазақстан атынан танымал әнші, мәдениет саласының өкілі Димаш Құдайбергеннің кандидатурасы ұсынылды.
Айта кетерлігі, хатшылық отырысында қатысушылар бейбітшілікті сақтап, диалог пен өзара құрмет мәдениетін нығайту үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызды екеніне тоқталған.