Аймақтар • 09 Қазан, 2024

Тараз түрленіп келеді

66 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Облыс орталығы Тараз қаласында жыл сайын ауқымды жұмыс атқа­рылады. Жергілікті атқарушы билік қала халқының көкейкесті мәселелерін бірінші кезекте шешуді басты басым­дық ретінде қарастырған. Нәтижесінде, ауызсу мен жол, көше­лерді жарықтандыру секілді маңызды проблемалар бір­тіндеп шешімін таба бастады.

Тараз түрленіп келеді

Қала билігі тұрғын­дармен кездесу бары­сында көтерілген өзек­ті мәселелерді назардан тыс қал­дырған емес. Әсіресе тұрғын үй проблемасын шешудің түрлі жолы қарастырылып жатыр. Әрине, облыс орталығында халық тығыз орналасқандықтан, жұрт көкейіндегі маңызды мәселенің аз уақытта түйінін тарқату оңай шаруа емес.

Осы жылдың алғашқы 8 айын­дағы дерекке жүгінсек, Тараз қаласында 22 мыңнан астам азамат коммуналдық тұрғын үй қоры­нан пәтер алу кезегінде тұр. Әл­бетте, баспаналы болудан үміт­ті тұрғындардың мәселесі қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тұрақты назарында. Қазіргі кезде осы бағытта біршама жұмыс атқарылып жатыр.

д

«Қала тұрғындарын толған­дырған өзекті мәселені шешу – біздің басты міндетіміз. Осы орайда 2023 жылы шаһарда 3279 пәтерлі 62 үйдің құрылысы жүргізіліп, 12 үй пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн. Атқа­рылған жұмыстың нәтижесінде 754 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, баспаналы болды.

Тараз қаласында 2522 пәтерлі 50 көпқабатты тұғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қолға алынған бұл істі жыл соңына дейін толықтай аяқтауды көз­деп отырған жайымыз бар. Көп­қабатты тұрғын үйлердің 34-і жаңадан бой көтерген «Ұлы дала» шағын ауданында, қалған 16-сы Асанбай Асқаров көшесінің аяқ тұсындағы тұрғын алабында салынып жатыр.

Бұдан бөлек, Тұрғын үй-ком­муналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шең­берінде осы жылы халықтың әлеу­меттік осал топтарына 9,9 млрд теңгеге 669 пәтер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оның ішін­де 162 пәтерге республикалық бюджет есебінен 2,2 млрд теңге, 507 пәтерге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есе­бінен 7,7 млрд теңге қаржы қа­рас­тырылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде сатып аламыз деп жоспарлаған пәтерлердің құ­рылысы басталған. Жыл соңына дейін толық аяқталады», дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Тараз қаласының әкімі кел­тірген дерекке жүгінсек, 14 шағын ауданда 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысын бастауға 5,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ Асанбай Асқаров көшесінің аяқ тұсындағы тұрғын алабынан қосымша 66 тұрғын үй құрылысының жобасы әзірленген. Қала басшысының айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр.

Тұрғын үй құрылысын жүр­гізу мақсатында жер учаскесін алуға 2005 жылдан бері 127554 азамат тіркелген. Жергілікті атқарушы билік қала халқының өзекті мәселесін шешу жұмысын да қолға алып отыр. Дерекке сен­сек, өткен жылы Құмшағал-Қарасу тұрғын алаптарынан 1497 жер учаскесі беріліпті. Қазіргі уақытта өзге де кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешуге қатысты жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыс орталығында көппә­терлі 1438 тұрғын үй бар екен. Олардың едәуір бөлігінің пай­далануға берілген мерзімі 30 жыл­дан асып кеткен. Бір сөзбен айтқанда, қаладағы көп­пәтерлі тұрғын үйдің біра­зының тозығы жеткен. Жүздеген тұрғын үй жөндеуден өткізуді қажет етеді. Қала билігі бұл мәселені де на­зарға алып, тиісті жұмыстарды атқарып жатыр.

«Тараз қаласында 1103 тұр­ғын үйдің пайдалану мерзімі 30 жылдан асып кеткен. Оның ішінде 614 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені анықталды. Осы жылы 5,1 млрд теңгеге 53 көпқабатты тұр­ғын үйді модернизациядан өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Маңызды мәселені шешу мақсатында республикалық бюджет есебінен тиісті қаражат та қарастырылды.

Өңір басшысы Ербол Қара­шөкеевтің тапсырмасына сәйкес қаланың орталық көшелерінде орналасқан 24 көпқабатты тұр­ғын үйдің сәулеттік келбетін жа­ңарту жобасы дайындалды. Оның ішінде, 11 үйдің сыртқы келбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары уақтылы жүргізілді. Қалған 13 үйді келесі жылы жаң­ғыртамыз деген жоспарымыз бар», дейді Б.Орынбеков мәселенің мәнісін түсіндіріп.

Қала тұрғындарын алаңдат­қан өзекті мәселенің бірі – облыс орталығындағы бірқатар кө­шелерді жарықтандыру. Бұл проблеманы шешуге қа­тыс­ты кейінгі жылдары облыс орталығында ауқымды жұмыс  қолға алынғанын айта кеткен ләзім. Мәселен, өткен жылы жергілікті атқарушы билік 83 көшенің мәселесін дер кезінде шешсе, осы жылы 76 көшені жарықтандыру жүмысын қолға алған.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық бюджеттен 368 млн теңге бөлініп, 10 шағын ауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын жарық­тандырылады. Нәтижесінде, 353 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 79 кіреберіс жол­дар – жалпы саны 44 359 тұр­ғынның көкейкесті мәселесі уақтылы шешімін тапты. Бұл жұмыс­тарды келесі жылы қала­ның өзге де аумақтарында іске асыруды көздеп отырмыз.

Бұдан бөлек, Сәкен Сейфуллин көшесінің бойына, Жамбыл даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолына түнгі жарық шамдары орналастырылды. Сондай-ақ «Шөлдала», «28 саяжай» тұрғын алаптарын электр желісімен қамтамасыз ету жөніндегі құ­рылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. 5775 тұрғын үй жарықпен қамтамасыз етілді.

Осы жылы қала маңындағы саяжай алаптарын электр қуа­тымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жоғары вольтты желілер мен қосалқы стансалар құрылысы басталды. Жалпы құны 8,7 млрд теңгені құрайтын жобаның жұмысы 2025 жылы аяқталады», дейді қала әкімі.

Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде облыс орталығында жаңа шағын аудандар бой кө­терді. Қала халқы санының жыл санап өсуінен қоғамдық көлікке деген сұраныстың артқаны да мәлім. Жергілікті халықтың бұл сұранысын қанағаттандыруға қатысты да қала билігі біршама жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн.

па

Тараз қаласының әкімі Б.Орын­бековтің айтуынша, облыс орталығында жолаушыларды тасымалдау қызметімен 9 мекеме айналысады. Жыл басынан бері қала халқының сұранысын қанағаттандыру мақсатында жергілікті атқарушы билік 112 су жаңа автобус әкелген. Жыл соңына дейін қосымша 45 автобус әкелу жоспарланған.

«Осы жылы әлеуметтік ма­ңызы бар қалалық, қала маңын­дағы жолаушылар қатынастары тізбесіне енгізілген автобус бағыттарының шығынын өтеу мақсатында 4,8 млрд теңге субсидия қарастырылды. Сондай-ақ биы­л облыс орталығында 75 аял­дама орнатылады», деді Б.Орын­беков.

 

Тараз 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше