Білім • 09 Қазан, 2024

Жаңа ғылыми институт ашылды

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде Қазақ-неміс ғылым және технологиялар институты ашылды. Жоғары оқу орнының салтанатты ашылуына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Бұл туралы Ғылым және білім министрлігі хабарлады.

Жаңа ғылыми институт ашылды

Сурет: altainews.kz

Министрлік таратқан ақпа­ратқа сүйенсек, аталған инс­титут Д.Серікбаев атындағы Шы­ғыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан құ­рылған. Металлур­гия, пайдалы қазбалар өндіру саласында­ғы Қазақ-неміс ғы­лым және технологиялар инсти­тутының база­сын­да заманауи жоғары техно­ло­гия­лық зертханалар, соны­мен қатар ғылыми орталықтар бар. Мұн­дағы жұмыс кең ауқым­ды өзекті зерттеулерге, жобалар­ға бағытталады. Болашақта ­осы институт ғылым және технологиялар саласындағы ха­лық­ара­лық ынтымақтастық­тың орта­лық алаңына айналып, елдер ара­сындағы тә­жірибе, білім ал­масуға ықпал етеді.

Министр С.Нұрбек инс­ти­туттың ашылуында: «Мұндай ғылыми орталықты құру идея­сы 14 жыл бұрын ұсынылған болатын, сол кезде ресми делегация құрамында болған едім. Енді, міне, бәрі логикалық қорытындыға келіп отыр. Қазақ-неміс институтын дәл осы жерде, Шығыс Қазақстан облысында құру – өте маңызды жоба. Бұған облыс әкімдігі де бізге белсенді қолдау көрсетіп отыр. Адами капиталға, технологиялар трансферіне инвестиция­ өңір экономикасының дамуы­ның негізі болатынын түсіне­міз. Қазіргі кезде әлем­де сирек кездесетін металдар­дың маңы­зы күрт артты, түр­лі ­елдерден үлкен сұраныс бай­қалып отыр. Мысалы, бізге бұл бағытта Оң­түстік Корея мен Жапония да жүгінген болатын. Сондықтан Қазақ-неміс ғы­­лым және технология институты металлургия және пайдалы қаз­баларды өндіру саласында жұмыс істейді», деді.

Д.Серік­баев атындағы Шы­ғыс Қазақстан тех­никалық уни­вер­ситетінің базасында осы инс­ти­тутты құру туралы Ғылым және жоғары бі­лім министр­лігі мен Герма­ния Фе­деративтік Рес­публика­сы­ның Сыртқы істер министр­лігі ара­сында ме­моран­думға қол қойылған бо­латын.