Пікір • 09 Қазан, 2024

Әлем татулыққа мұқтаж

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең алдымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, осы саладағы өзге де жауапты тұлғаларға алғысымды жеткізгім келеді. Бұл – бүкіл әлемге ізгі ниетін арнайтын әрі жалынды сәлемін жолдайтын берекелі басқосу.

Әлем татулыққа мұқтаж

Сурет: kazislam.kz

Мұндай жиын қазіргі таңда адамзат баласына ауадай қажет болып тұр. Бүгінде әлемнің көптеген елінде қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Бір елдерде қарулы қақтығыстар, басқаларында гу­манитар­лық дағдарыс орын алып жатыр. Соның ішін­де кей мемлекеттердегі мұсыл­ман бауырларымыздың қан­дай күй кешіп жатқанын бәрі­міз білеміз. Осы басқосу­да Қазақ­стан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Таяу Шығыста орын алған келеңсіздіктерді қозғап өтті. Бәріміз бір ойға тоқтап, атал­ған мәселені шешуде тізе қосуы­мыз керек екенін мәлім­деді. Мен бұл ойды толық қол­дай­мын және осындай іргелі жиын­дар әлемдегі қақтығыстар мен кикілжіңдерді шешуге оң ықпал етеді деп сенемін.

Мұсылман ақсақалдар ке­ңе­сінің де мақсаты – бей­біт­шілік пен жаһандық дін­аралық диалогті нығайту. Біз бейбітшілік пен ынтымақ жолында жұмыс жүргізіп келе жатқан тәуелсіз халық­аралық ұйымбыз. Бұған дейін Швейцария, Мысыр, Марок­ко елдерінде фи­лиал­­дары­­мыз ашылса, был­тыр­дан бері Астанада да филиалымыз жұмыс істеп жатыр. Қазақстанмен конфес­сия­аралық келісім мен дін­аралық диалог саласында тәжірибе алмасып келеміз.

 

Мұхаммед ӘБДЕЛСАЛАМ,

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы (БАӘ)