Оқиға • 09 Қазан, 2024

Елордада 14 қабатты тұрғын үй отқа оранды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада сейсенбі күні кешке көпқабатты тұрғын үй кешені өртеніп, жалын екі қабатын шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 14 қабатты тұрғын үй отқа оранды

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Байқоңыр ауданындағы Ғабдуллина көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер өртті тез арада анықтап, түн ортасына қарай толықтай сөндірген.

Анықталғандай, тұрғын үйдің сыртқы қаптамасының жылытқышы өртенген. Өрт жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрайтын үшінші және төртінші қабаттарды шарпыған.