Оқиға • 09 Қазан, 2024

Жыл басынан бері білім саласында 287 қылмыс тіркелген

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысына, оның қарамағындағы бас есепші мен бас экономистке, сондай-ақ 24 мектеп есепшісіне қатысты тергеу амалдары аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері білім саласында 287 қылмыс тіркелген

Фото: lsm.kz

Аталған тұлғаларға 213 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, білім бөлімінің есепшілері мен басшылығы мектепте жұмыс істемейтін адамдарға жүйелі түрде «жалақы» аударып отырған.

«Сонымен қатар білім бөлімінің бас есепшісі қылмыстық жолмен алынған 6,5 миллион теңге көлеміндегі қаржыны легализациялағаны үшін айыпталды», деді Данияр Биғайдаров.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бері білім саласында 287 қылмыстық іс тіркелген. Ұрлықтың ең көп мөлшері Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталған.