Театр • 10 Қазан, 2024

Қостанайлық театр қара үзді

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық Қазақ драма театры Ресейдің Пермь қаласында өткен театр фестивалінен олжалы оралды.

Қостанайлық театр қара үзді

Иран, Ресей, Жапония, Сербия сынды он шақты мемлекеттің маңдайалды театрлары қатысқан халықаралық байқауда Қостанай театры сахналаған «Шолпанның күнәсі» драмасы «Ең үздік спектакль» аталымын жеңіп алып, фестивальдың Гран-при жүлде­сіне ие болды.

Сонымен қатар театрдың сахна безендірушісі Садыр Нияз­құ­нов «Үздік сценография» аталы­мының лау­реаты атанса, бас кейіпкер Шол­панның рөлін жеріне жеткізіп ойнап шыққан талантты актриса Диана Тұрсынова «Үздік әйел бей­несі» аталымын жеңіп алды. Ал Сәр­сенбайдың бей­не­сін сәтті сомдай білген Қуаныш Ма­рат­ұлына «Үздік ер бейнесі» аталы­мының мүсіншесі табыс етілді.

«Бұл дәстүрлі байқауға өткен жылы шақырту алған едік. Сөйтіп, Пермь театрында «Шолпанның күнәсін» қойдық. Спектакльді субтитрмен тың­даған көпшіліктің ерекше әсер ал­ғанын көріп, өзіміз де толқыдық. Қа­зылар алқасы тарапы­нан жоғары баға алдық. Енді бұл қойылым Мәскеу, Баку, Қазан қалаларына шақыртылып отыр. Олар да өздеріндегі дәстүрлі театр мерекелеріне қатысқанымызды қа­лай­ды», дейді қойылым режиссері Ба­тырбек Шамбетов.

 

Қостана облысы