Аймақтар • 11 Қазан, 2024

Ән аламаны әуеледі

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Жүсіпбек Елебеков атындағы IX Республикалық дәстүрлі әндер орындаушыларының байқауы жоғары деңгейде өтті. Биылғы байқау ән алыбының 120 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ән аламаны әуеледі

Ән додасының шымылдығы «Сары­жайлау» кинотеарында ашылды. Төрелік етуге келген Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қайрат Байбосынов:

– Мен – Жүсіпбек Елебековтің ал­ғашқы шәкіртінің бірімін. Жәнібек Кәрменов, қазір осында отырған Ғалым Мұхамедин де – төл шәкірті. Ком­позитор Тұрсынғазы Рахымов сәл кейін­деу келді. Жүсекең өмір бойы жи­на­ған әндерін бізге үйретті. Біз бәрін мұқият бойымызға сіңірдік. Ол кі­сінің бір кереметі бәріміздің болаша­ғымызды болжап кетті. Кімнің әнші болатын, болмайтынын дөп айтатын. Қазір сол Алматыдағы эстрада студиясы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі деп аталады, – деді байқау алдындағы баспасөз мәслихатында.

ап

Дәстүрлі ән додасында Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Сол­түстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Ақмо­ла өңірлерінен өнерпаздар келіп, бақ сынады. Әр өңірден іріктеліп кел­ген кіл мықты талан­тын көрсетіп, жұлдызын жағуға талпынды.

Сонымен, ән алыбы Қайрат Бай­босынов бастап, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамедин, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақсыгелді Кемалов, Жүсіпбек Еле­бе­ковтің ұлы Естай Елебеков, Мә­де­ниет саласының үздігі Талғат Абу­ғазин, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Кәкімов, Мәдениет қайраткері Абылай Қармысов, «Құрмет» орденінің иегері Сержан Мұсайын сынды азаматтар қазылық қылып, бағасын берді.

Марапаттау рәсімі кезінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей жүлдегерлерді құттықтады.

Сонымен, Қазақ ұлттық универ­ситетінің студенті Дария Бекпенбетова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Ма­дияр Өмірғали, Қазақ ұлттық өнер уни­верси­тетінің студенті Шерхан Тұяқ, Жетісу облысынан келген Сәбинұр Қаһарман, Нұр­мұхан Жантөрин атындағы Атырау облыс­тық филармониясының әншісі Алида Хуанова байқаудың дипломаттары атанды.

Мейірхан Адамбеков атындағы арнайы сыйлыққа Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының студенті Бақтияр Орал лайық деп танылды. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Өмірхақ Шешхан Манарбек Ержанов атындағы арнайы сыйлық­тың иегері атанды. Ғаббас Айтбаев атын­дағы арнайы сыйлық Қазақ ұлт­тық кон­серваториясының студенті Нұр­дана Сәлімханға, Қали Байжанов атын­дағы жүлде Қазақ ұлттық кон­сер­ва­тория­сының студенті Айбек Тәт­тімбекке бұйырды. Игілік Омаров атындағы арнайы сыйлық Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­ситетінің студенті Ақниет Сер­ғази­наға, Рымтай Бөдесов атындағы арнайы сыйлық Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сту­денті Ұлжан Әбілхасимоваға табысталды.

Жүлделі үшінші орынға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Аружан Сағындық, Бұқар жырау ауданынан қатыс­қан Қуандық Төкенов, Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серва­ториясының студенті Сәулет Аман­ғазин лайық деп танылды. Ал екінші орынды Темірбек Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Аида Сраил, Нұрмұхан Жан­төрин атындағы Атырау облыстық филар­мониясының әншісі Жасұлан Базарбаев алды. Бірінші орын Қазақ ұлттық университетінен келген Камал Май­дановқа бұйырды. Ал айтулы ән бай­қауының бас жүлдесін Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Бек Мыңбай жеңіп алды.

 

Қарағанды облысы