Қаржы • 11 Қазан, 2024

Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желі­лерін реконс­трук­ция­лауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қой­ды.

Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге

Сурет: ru.freepik.com

Құжат Ақтау қаласының магис­тралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.

Атап айтқанда, бұл қаражат жер­гілікті бюджеттен бірлесіп қаржы­ландыруды ескере оты­рып, жұмыстың жалпы құны­ның 10% мөлшерінде ұзын­дығы 11,5 шақырым ең тозы­ғы жеткен автожол учас­кесін реконструкциялауға бағыт­та­ла­ды.

Бұған дейін мердігер ұйым қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған. Жалпы, 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Ақтау қаласы жылу желілерінің негізгі бөлігі – 1962 жылдан бері қолданыста.

Қабылданған шаралар нәти­жесінде желілердің тозу деңгейі төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсету мен жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.