Әлем • 14 Қазан, 2024

Алаяқтар зейнеткерді ауруханадан ұрлап әкетіп, пәтерін иемденген

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербургте бейтаныс біреулер қарт адамның пәтерін иемдену мақсатында оны ауруханадан ұрлап алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтар зейнеткерді ауруханадан ұрлап әкетіп, пәтерін иемденген

Фото: 123rf.com

Анықталғандай, 74 жастағы Санкт-Петербург тұрғыны тамыз айының соңында ауруханаға түскен. Көп ұзамай өдерін науқастың «туысқанымыз» деп таныстырған бейтаныс адамдар келе бастаған.

Бұл туралы зейнеткердің немересі біліп, дәрігерлерден шақырылмаған қонақтарды кіргізбеулерін өтінген.

Алайда олар қарт кісіні ұрлап алып кеткен. Қайтып келгенде, қария оны қағазға қол қою үшін көлікпен бір жерге апарғанын айтқан. Анықталғандай, зейнеткер пәтерді басқа адамдарға беруге мәжбүр болған.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.