Қылмыс • 14 Қазан, 2024

Жиырмаға толмаған жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырғандар анықталды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана полициясы 19 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған соң қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиырмаға толмаған жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырғандар анықталды

- Оқиғаға қатысушылар анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық уәжі мен мәлімдемесі мұқият тексеріледі, – деп хабарлады полиция.

Бұл іс Астана полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Еске салайық, әлеуметтік желіде төрт адам 19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады.

Бұл жайлы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Оның сөзінше, төрт адам ұлын қинап өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35