Қоғам • 15 Қазан, 2024

Приозерскіде сарбаз әскери қызметінің аяқталуына 2 апта қалғанда өзіне қол жұмсады

1 мин
оқу үшін

14 қазанда Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қарауыл қызметінде міндетін орындау кезінде өзіне бекітілген қарудан басына оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Приозерскіде сарбаз әскери қызметінің аяқталуына 2 апта қалғанда өзіне қол жұмсады

Ашық дереккөз

Бұл туралы Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Аталған оқиға әскери қызмет өткерумен байланысты емес. Алдын ала ақпарат бойынша, сарбаз отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде өз-өзіне қол салған. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықталып, тергеу шаралары жүргізілу үстінде, – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі сарбаздың белгіленген әскери қызметінің аяқталуына екі апта қалғанын атап өтті.

- Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оның жақындарына қажетті көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50

Лондондағы Мисс Кәусар

Қоғам • Бүгін, 13:45