Оқиға • 15 Қазан, 2024

Саран қаласындағы жағдай Үкімет бақылауына алынды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саран қаласындағы жағдай Үкімет бақылауына алынды

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралған. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Қазір қазандық іске қосылды. 13 қазанда автоматиканың ақаулығына байланысты қазандықтың жұмысы тоқтатылды. Резервтік қазандықты қосу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда жұмыс жүргізіліп жатыр, мәселе менің жеке бақылауымда», деді Бөлекпаев.

Үкімет басшысы әкімге қалған барлық жұмыстарды бүгін аяқтауды тапсырған.

«Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте, бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазір тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Үкімет отырысынан кейін Энергетика министрінің Саран қаласына баратынын мәлім етті.

«Осы отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», деді Үкімет басшысы.

Еске салайық, 13 қазанда Саран қаласында жұрт жылусыз отырғаны туралы ақпарат тарады. Жергілікті тұрғындар үйлерінде салқын екенін айтып шағымданды. Әкім Еркін Баулықов қалада жылу жоқ екенін растап, жылу жүйесі жаңартылғанын, орталық жүйелер арқылы жылу беріліп жатқанын алға тартқан.

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 31 Желтоқсан, 2024

Полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті

Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2024

Президент жаңа жылды қалай қарсы алады

Президент • 31 Желтоқсан, 2024

Қазақстанда қанша шетелдік ЖСН алды

Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2024

Жол құрылысындағы соңғы серпіліс

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024

Мамания мектебінің мәртебесі көтерілді

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Ақжайықтың алғашқы жайлы мектебі

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2024

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2024

Таңдаулы тілдер қатарында

Кино • 31 Желтоқсан, 2024

Өжет әйел туралы фильм

Кино • 31 Желтоқсан, 2024