Экономика • 15 Қазан, 2024

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің көлемі артты

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,8% пайызға артқан. Саладағы өсім 14 өңірді қамтыған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің көлемі артты

Фото: inbusiness.kz

Бүгінгі Үкімет отырысында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. 

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім металлургиядағы өндірісті 8,3%-ға және машина жасаудағы өндірісті 4,2%-ға ұлғайту есебінен мүмкін болған.

Сонымен қатар химия өнеркәсібіндегі өндіріс 9,5%-ға, электр жабдықтары 11,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер 15%-ға, металл бұйымдары 31,1%-ға және жиһаз өндірісі 17,9%-ға артқан.

«Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,2%-ға өсті. Өсім негізінен металл кендерін өндіруді 7,7%-ға және табиғи газды 3,4%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген. Бұл ретте мұнай өндіру 0,3%-ға, көмір өндіру 0,5%-ға қысқарды. Мұнай өндіруді есепке алмағанда экономиканың өсімі өткен жылдың тиісті базасына 4,5% деңгейінде бағаланатынына назар аударғым келеді», деді Нұрлан Байбазаров.

Өңдеу өнеркәсібінде Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстары көш бастап тұр.